Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу, шығармашылық пен зияткерлік қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Лагерь уақыты
3 ауысым – әрқайсысы 10 күндік
1–5 сынып оқушылары
Жұмыс уақыты: 9:00 – 17:00
Қоректену:
Қатысушылар:
2 мезгіл ыстық тамақ + тіскебасар
Ерекшеліктері:
Қауіпсіз орта
Тәжірибелі педагогтер мен тәлімгерлер
Жеке көзқарас
Ұлттық құндылықтармен ұштасқан мазмұны
Бағдарлама бағыттары
Академиялық даму:
- Интеллектуалдық ойындар - Логикалық тапсырмалар - Жеңілдетілген математика мен ағылшын тілін қайталау - Оқу сауаттылығы мен тіл байлығын дамыту
Ұлттық тәрбие және мәдениет:
- Домбыра, қолөнер үйірмелері - Қазақтың салт-дәстүрлерін үйрену - Ұлттық ойындар (ақсүйек, тоғызқұмалақ, арқан тарту т.б.)
Спорт және қозғалыс белсенділігі:
- Күнделікті жаттығулар - Мини-футбол, волейбол, би - Эстафеталық жарыстар
Шығармашылық бағыт
- Сурет салу, коллаж жасау - Хореография - Театрландырылған қойылымдар мен сахналық өнер
Көңіл көтеру мен демалыс
- Кино және мультфильм көрсету - Квест, ойын-сауық бағдарламалар - Ашық ауада серуендер
Экскурсиялар мен кездесулер
- Қалалық саябақтарға серуен - Мамандық иелерімен кездесулер - Экологиялық сабақтар
«Өркен» жазғы лагері Баланы жазу формасы
Балаңызды лагерьге жазу үшін төмендегі форманы толтырыңыз. Біз сізбен хабарласып, барлық қажетті ақпаратты жеткіземіз және қатысуды растауға көмектесеміз.